﻿SoftMaker Office бағдарламалық құралында SoftMaker компаниясының сөздіктері қолдамайтын тілдерде емлені тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін Hunspell кітапханасы қолданылады. Hunspell құралын әзірлеген топқа керемет жұмысы үшін алғыс білдіреміз.

Hunspell әмбебап қоғамдық лицензия (GPL), шектелген әмбебап қоғамдық лицензия (LGPL) және Mozilla қоғамдық лицензиясы (MPL) лицензиялары бойынша үш түрлі лицензия бойынша ұсынылады. SoftMaker компаниясы Hunspell құралын Hunspell әзірлеушілерінен MPL лицензиясы (Mozilla қоғамдық лицензиясы) бойынша алуға шешім қабылдады.

MPL лицензиясы тек Hunspell құралына ғана қатысты екенін және коды жабық бағдарламалық құрал болып есептелетін SoftMaker Office құралының ешқандай басқа бөлігіне қатысты емес екенін ескеріңіз.

SoftMaker компаниясы Hunspell құралының бастапқы кодына ешқандай өзгеріс енгізген жоқ. Яғни, Hunspell құралының ең соңғы бастапқы кодын http://hunspell.sourceforge.net мекенжайындағы Hunspell вебсайтынан тікелей жүктеп алуыңызға болады.
